Аружан Саинның орнына кім тағайындалғаны белгілі болды

Динара Зәкиева Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін осы қызметті атқарған Аружан Саин қызметінен босатылған еді. 

Айта кетейік, Динара Зәкиева "ТопЮрАудит" ЖШС Бас директорының орынбасары болған (2004-2005 ж.) 

Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бас маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі (ақпан - тамыз 2005 ж.) 

"Antarex" ЖШС негізін қалаушы, "Rafe" мейрамханалар желісі (ақпан 2006 ж.)

ҚР Президенті Хаттамасының сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі (2007-2013 жж.);

"Қасиетті Жол" қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы, (2011 ж.);

Партия төрағасының бірінші орынбасары Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары - Nur Otan партиясының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы, (2013-2015 жж.);

Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" КММ директоры (2017-2019 ж.);

Nur Otan партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы (2019 ж.);

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "қамқорлық қоры" корпоративтік қорының басшысы болған (2019 ж.).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!