Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кеше Қасым-Жомарт Кемелұлынан Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымында атқарған жұмысым үшін алғыс хат және гүл алдым. Бұл ретте Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева ротация шеңберінде Бала құқықтары жөніндегі уәкілді ауыстыру ротация негізінде жүргізілгенін айтты. Осылайша, менің өмірімнің бір кезеңі аяқталды - Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымында, мен оған 4 жылымды арнадым. Сол жылдары үлкен тәжірибе алдым, бірақ көп күш те жұмсадым", - дейді Аружан Саин Facebook-парақшасында.
Оның сөзінше, төрт жылда 1360 арыз-шағым түсіп, сол бойынша жұмыстар жүргізілген.
"Мен елімізде жүйелі түрде өзгерістер жасағым келді, себебі балалар мен олардың ата-анасына көмектесу арқылы елдегі проблемалардың түп тамырын және ең бастысы оны шешу жолдарын түсінеміз. Қазақстанға балалардың құқықтары білім беруде, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қорғауда, біздің өміріміздің әртүрлі салаларында сақталуы үшін түбегейлі реформалар қажет", - дейді Саин.
Еске салайық, кеше Аружан Саин қызметінен босатылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!