Аружан Саин қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда туған. Қоғам қайраткері, тележүргізуші, продюсер, қайырымдылық қоғамының директоры.
- 1993 - Хабар телеарнасындағы күнделікті "Разминка" бағдарламасының тележүргізушісі.
- 1994-1999 - "Тез және тәтті", ары қарай "Жұлдызды меню" кулинарлық бағдарламаларының тележүргізушісі.
- 1994-2000 - "Еркемай" бүлдіршін ойын бағдарламасының тележүргізушісі.
- 2006 - Ел Арна телеарнасындағы "Ана мектебі" танымдылық бағдарламасының тележүргізушісі.
- 2010 - "Сабырлық, тек сабырлық" ток-шоу тележүргізушісі.
- 2011- "Бүлдіршіндерге Өмір сыйла" бағдарлама жүргізушісі.
- 2019 жылдың 18 шілдесінен бастап - Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болған.
- Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!