Екібастұз ЖЭО қызметкерлері қаза тапқан әріптесі туралы айтты. Ол қаладағы гараждарының бірінде көліктен өлі табылған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жабдыққа қызмет көрсету цехының бастығы Александр Шарамонов Сергейдің жауапты, көңілді адам болғанын айтты. Шарамоновтың сөзінше, Сергей карьерасын слесарь болып бастаған. Ол екі жыл ішінде учаске бастығы қызметіне көтерілген. Сергей жөндеу учаскесін басқарған, қосалқы жабдықтар, айналмалы механизмдер үшін жауапты болған. Өте шапшаң болған. Әріптестері ол туралы тек жағымды пікір айтады.
"Слесарь болған кезі есімде, ол "цехтың келесі бастығы боламын!" деген еді, - деп еске алды Александр Борисович.
Оның айтуынша, кәсіпорын марқұмның отбасына барлық қажет көмекті көрсетеді. Сергейдің артында 2008 және 2019 жылы туған екі баласы қалған.
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС ұжымы Сергейдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Еске салайық, бұған дейін Екібастұзда гараждардың бірінен жергілікті ЖЭО учаскесінің бастығы өлі күйінде табылғаны, өлімнің себептерін полицейлер анықтайтыны хабарланған болатын. Кейінірек Екібастұз ЖЭО бастығы өлімінің алдын ала себебі аталған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!