- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Артында бір адам...
"Артында бір адам тұруы мүмкін". Заңгер халықты алдаған Айс Мұратованың серіктері туралы айтты
Заңгер Нұрсұлтан Орынбек көпшілік шағымданған, халықтың тауарға салған ақшасын алып, алдап кеткен Айс Мұратова туралы Нартай Аралбайұлының youtube-арнасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қазір Айс Мұратова үйқамақта отыр.
"Айс Мұратоваға келсек, әлі де тергеу болып жатыр. Ол халықтан 30 млрд теңге жинап алған. Қазір үй қамақта отыр. Бұдан бөлек әлі арызданбағандар да бар. Іс әлі тексеріліп жатыр. 130 менеджерді алдаған, оның артында қарапайым халық отыр. Біз дәлелдедік, оны Қытайдан емес, "Байсат" базардан алып, мыңның ақшасын алып, жүзге таратып, осылай істеп отырған. Қазіргі таңда 8 тергеуші бір уақытта жұмыс істеп жатыр. Оның серіктері де шықты, олар Бану Асылбекова, Нұргүл Аманова. Үшеуі де бір схема. Оның артында бір адам тұруы мүмкін", - деді заңгер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы