- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Артында 4 баласы...
"Артында 4 баласы қалды". Ақтау тұрғындары жұмбақ жағдайда мерт болған 29 жастағы сантехник туралы айтты
Ақтауда мерт болған сантехник бесінші рет әке атануы керек еді. Алайда өткен сенбіде ол жазатайым оқиғадан көз жұмды. Оның жұмыс орнындағы өлімі тұрғындарды елең еткізді. Бүкіл қала бірнеше күннен бері қайғылы оқиғаны талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Қатты таңғалдық, әрине, күндіз ғана көріп, сәлемдесіп едік, енді мынадай ақпарат тарап жатыр. Біз үшін, тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін, ол туысқандай болып кеткен. Туысқан болып та қалды. Отбасына көңіл айтамыз. Бәрінің есінде қалады. Ерекше жігіт еді. Жақсы адам болған", - дейді Ақтау тұрғыны Күнзия Бихаева.
Марқұм болған таныстарының бірі, КСК қызметкері 29 жастағы сантехниктің әйелі мен төрт баласы қалғанын айтты. Ерлі-зайыпты бесінші сәбиін дүниеге әкелуге дайындалып жатқан. Бірақ өткен сенбіде күйеуі жұмыстан оралмаған.
"Шақыртуға жедел-тергеу тобы бірден кетті. 29 жастағы ер адам ток соққаннан көз жұмды. Сараптама тағайындалды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы бойынша Ақтау қаласы СТБТ-не тіркелді", - деді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
"Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу" қылмыстық бабы бойынша кінәлілер бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ кімнің күдікке ілінгені тергеу мүддесі үшін айтылмады. Ал қала билігі ПИК жұмысын бақылауға құқы жоғын айтты.
"Жеке серіктестіктің қызметін бақылау жергілікті атқарушы органның міндетіне жатпайды. Олардың өз құрылтайшылары бар. Егер адамдар қазір өз ПИК басшысының әрекетіне наразы болса, онда олар оны ауыстыруға құқылы", - деді Ақтау әкімдігі Тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшымсы Нұрадин Көшербаев.
ПИК қызметкердің өліміне қатысты жағдайға пікір білдірмей, оны жерлеумен айналысып жатқандарын түсіндірді. Ал тұрғындардың айтуынша, жетім отбасын материалдық жағынан қамтамасыз ету үшін олардың үйі түгел ақша жинаған.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда сантехник жазатайым оқиғаға ұшырап, мерт болғаны туралы хабарланған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек