Ақтөбеде Елек өзенінен сүйегі табылған 16 жастағы жасөспірім туралы тағы бір дерек шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Жақындарының нұсқасы
Телеарна мәліметінше, марқұмның әпкесі бейнебақылау жазбасын қарап, інісі моншадан шығып, артынан ілескен көлікке отырғанын айтқан. Жақындары жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбейді.
Желтоқсанның басында жасөспірімнің сүйегі Елек өзенінен табылған. Көп ұзамай сол жерден 27 жастағы ер адамның да сүйегі шығарылды.
Полиция не деді?
Тергеушілер екі адам бір-бірін танитынын, денесінде жарақат болмағанын хабарлады. Полиция бейнежазбадағы көлік екенін де растаған. Ал рөлдегі жүргізуші өзеннен сүйегі табылған 27 жастағы ер адам екені белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова