- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Артыма Назарбаевтың нөкерлері...
"Артыма Назарбаевтың нөкерлері түсті". Экс-депутат Серік Әбдірахманов Мұстафа Өзтүрікпен қарым-қатынасы туралы айтты
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Әбдірахманов Мұстафа Өзтүрікпен қарым-қатынасы туралы "Қасқа жол" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол Мұстафа Өзтүрікті Алматыға шақырғанын атап өтті.
"Заманбектің қасына орынбасарлыққа келгеннен кейін Мюньхендегі жарысқа бардым. Сол кезде Мұстафаны тауып алып, кездестім. Сөйтіп, Қазақстанға алдырту туралы ойымда Заманбекке айтқан едім. Бірден келісті. Бәрін ұйымдастырдық. Жанымда жүрді. Үйімде болды, баласы мен анасы келді. Інімдей көрдім. Мұстафаның саясатқа араласқысы келді. Өте сауатты жігіт. Бірнеше тілде сөйледі. Жанындағы достары әсер етті ма, ол да менен алыстады. 1994 жылы өзі бел буып, Жоғары кеңесте сайлауға түсті. Билік қысым жасап, оны сайлаудан алдырып тастады", - деді ол.
Кейін ол Мұстафаны көрмегенін айтты.
"Артыма Назарбаевтың нөкерлері түсті. Сол уақытта қиын кезең болды. Мені қинамайын деді ме, Мұстафа менімен араласпай кетті. Оның сайлауға түскенін де кейін білдім. 1995 жылы 15-20 депутат үндеу жасап, наразылық жасап жатқан еді. Сонда Алпыс деген інім "аға, Мұстафа кетіп қалды" деп хабарды естіртті. Бірден үйіне барсам, Халифа Алтай атамыз отыр екен. Ауруханаға түскенін де маған айтпапты. Ол кезде менің артымнан тінтушілер, шайқас көп болды. "Халық жауы" болуға үміткер болдым. Сөйтіп, Халифа Алтаймен ақылдасып, жөн-жоралғысының бәрін шештік", - деді Серік Әбдірахманов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы