- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Артық салмақ қандай...
Артық салмақ қандай қатерлі ісік түрлеріне әкелуі мүмкін?
Артық салмақ міндетті түрде ағазада "із" қалдырады. Оның ең қауіптісі - онкологиялық аурудың дамуы. Онколог Виктор Запольский бақылаусыз салмақ қосу қатерлі ісіктің қандай түрлеріне әкелуі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Womanhit"-ке сілтеме жасап.
Семіздік пен қатерлі ісіктің арасында қандай байланыс бар?
Маманның айтуынша, негізгі байланыс дұрыс тамақтанбаған кездегі зат алмасудың бұзылуында. Ағзада қауіпті салдарларға әкелетін бұзылыс болады.
"Жасушалардың нағыз мутациясы басталады, олардың мұндай белсенді бөлінуі түбінде не нәрсеге әкелетінін ешкім білмейді", - дейді онколог.
Бүйрек қатерлі ісігі
Семіздік жиі бүйрек қатерлі ісігіне әкеледі және жиі екі органды да зақымдайды.
"Егер әлсіздік, тәбеттің жоғалуын және зәрде қанның пайда болғанын байқасаңыз, бұл жедел дәрігерге қаралуға және скринингтен өтуге себеп", - дейді Виктор Запольский.
Көп жағдайда бүйрек қатерлі ісігіне ішімдіке салынған адамдар және ағзасында гормонды жаңылыс болған адамдар шалығады.
Асқазан қатерлі ісігі
Майлы тамақ көп жеп, артық салмақ қосып алған адамдар асқазан қатерлі ісігін ынталандыруы мүмкін.
"Тамақтану режимінің бұзылуы және өңделген тамақты көп мөлшерде жеу асқазан-ішек жолына жағымсыз әсер етеді. Асқазан жүйенің басқа органдарына қарағанда екі есе көп қиналады. Жағдайыңызға мән беріңіз, егер қыжыл жиі мазаласа, жиі жүрек айнитынын және іштің кенеттен ауыратынын байқасаңыз, дәрігерге көрінген жөн", - деді маман.
Эндометрия қатерлі ісігі
Өкінішке қарай, қатерлі ісіктің бұл түрі әдетте еш белгісіз дамиды, сондықтан егер әйел адам жүйелі түрде тексерістен өтпесе, оны бастапқы кезеңде анықтау қиын.
"Артық салмағы бар әйелдер эндометрия қатерлі ісігіне төрт есе жиі шалдығады. Етеккір келмейтін уақыттағы кез келген қан бөліністерін және етеккір кідірістерін елемей қоюға болмайды", - дейді дәрігер.
Оқи отырыңыз: "Жыныстық қатынасқа ерте түсу". Жатыр мойны қатерлі ісігі неліктен пайда болады?
А. Жапатова