Ең зиян жидек - жүзім. Бұл жайлы "Gazeta"-ға гастроэнтеролог Дарья Утюмова айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігердің айтуынша, жүзім зиян, себебі оның құрамында глюкоза көп. Сондықтан оны қант диабеті және бауыр циррозы бар адамдарға жеуге болмайды.
"Орта есеппен 100 г жүзімде 16 г қант бар", - дейді ол.
Сондай-ақ, жүзімде С дәрумені көп болғандықтан, ол - күшті аллерген. Оған қоса, оны шамадан тыс көп жеу салмақ қосуға әкелуі мүмкін.
"Сонымен қатар, бұл асқазан сөлінің бөлінуін ынталандырады, сондықтан оны асқазан немесе аш ішектің ойық жарасы бар адамдарға аурудың асқынған кезінде жеуге болмайды", - деп ескертті маман.
Оқи отырыңыз: "Ащы тамақтың қатысы жоқ". Асқазан жарасы неден пайда болады?