- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Артық айтсам кешіріңіздер"....
"Артық айтсам кешіріңіздер". Құрманай Бақтиярқызы әсерлі жазба қалдырды
Асаба, ақын Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әкесімен мақтанатынын жазған.
"Иә. Әркімнің өз әлемі бар. Әкемнің 70 жасқа келіп, қанша Көкпар көрседе, мұндай Көкпар көрмегенмін" - деп қуаныштан көзінің жасына ерік берген күнін есіме алып, толқып отырмын. Қызының арқасында жиен немересі Сұңқар жаныстың берген жаппай көкпары аңыз болып артта қалды. Мен бұл жерде 95 келі салмақтағы еркекшора, айтқанын жасамай қоймайтын бір сөзді бірегей деген елдің сөзін қанат ғып байлап, ұшып жүрген кезім. Ата-анама деген сый құрметтен бөлек, мейірім, махаббатымды бала-шағама көрсетуімнің себебі тәрбиенің ең маңызы деп білемін. Ата-анама жасаған амалым ұрпағымнан өзіме қайтатынына кумәнім жоқ, Алла қаласа. Толғанай болашақ жарым атама ұқсасын десе, Сұңқарым болашақ келінімді апасына ұқсатып табамын дейді. Айналаға жақсылық жасап, еліне қызмет етіп "Қазығұрттың құрметті азаматы" - деген марапаты бар әкеммен қалай мақтанбайын. Немді аяйын қымбаттыларымнан. Тәрбие деген мен үшін отырғызып, ақыл беріп, миын ашыту емес. Тәрбие деген жақсы амалды жасап көзіне көрсету. Естіген құлақтан шықса да, көргені көңілден кетпейді. Бала-шағамен келген абыройға, ешқандай марапат жетпейді. Алла салихалы ұрпақ сүйгізсін деген қандай керемет бағалы сөз. Елдің батасы мен дұғасы мені аман-есен алып қалған. Ел сырттан жаман ойласа, сенің күнәң төгіледі. Жақсы ойда болса ,жақсылық болып қайтатынын білеміз. Аллаға ақталу, иманыңның сақталуы. Адамға ашылғаның, текке шашылғаның. Нағыз сырласым алла ғана, адамды барда ғана сыйлағаның қателігің. Өзгертетін ортаң ғана. Ақ қараны ажырату нығметтің ұлығы. Артық айтсам кешіріңіздер", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Саундтрек деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә