- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әртүрлі елдегі балаларды...
"Әртүрлі елдегі балаларды зорлаған". Жантүршігерлік қылмыс жасаған педофилдер әшкереленді
Екі ұлыбританиялық ер адам әртүрлі елдерге барып, балаларды зорлайтын трансұлттық педофилдер желісінің мүшелері болған. Оларға қатысты іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлыбританияның Қылмысқа қарсы ұлттық агенттігінің сайтына сілтеме жасап.
68 жастағы Кристофер Бен мен 75 жастағы Жон Торогуд бірнеше жыл бойы Азия мен Африканы аралап, кәмелетке толмағандарды зорлап келген.
nationalcrimeagency.gov.uk
Полиция олардың балаларға жасаған жантүршігерлік қылмыстары туралы Нидерландта тұтқындардан білген. Онда қамауға алынған педофилдердің бірі, қылмыстық желі мүшесінде Бен мен Торогудтың фотосуреттері мен деректерін сақталған. Сондай-ақ, олар қылмыскерлердің балаларға жасаған зорлығы ашық суреттелген күнделік тапты.
Кристофер Беннің бұл қылмысы жайлы әшкереленгенде, 2016 жылы Мьянмаға сапары кезінде 11 баланы зорлағаны үшін түрмеде 10 жылдық жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.
Алайда Нидерланд полициясымен жұмыс істейтін агенттік тергеушілері қазір Беннің Вьетнамда 2006-2018 жылдар аралығында тағы 23 баланы зорлағанын анықтады.
Сондай-ақ, агенттік Бен шифрланған электрон пошта арқылы желінің басқа мүшелерімен алмасқан хабарларын анықтаған.
Бенге қатысты үкім 3 қарашада жарияланды. Челмсфорд Crown сотында ол Вьетнамдағы ұлдарға 10 жыл бойы сексуал зорлық көрсеткені үшін 11 жылға және тағы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Педофилдер тобының тағы бір мүшесі 75 жастағы Жон Торогудқа қатысты үкім 14 қарашада шығады. Агенттік педофилді тінту кезінде 2012 жылы Мароккода бірнеше баланы зорлағаны туралы бейнежазбалар табылғанын айтты.
Сот-медициналық сарапшылар Торогудтың телефоны мен компьютерін тексеріп, балалардың 200 мыңнан аса сексуал сипаттағы суреттерін тапты. Кейбір фотосуреттерді Торогуд өзі түсірген.
Джон Торогуд жеті айып бойынша, соның ішінде 13-ке толмаған балаға жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген айыпты мойындады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек