Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті.
Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz