"Арсыз іске бармағаның үшін". Дина Төлепберген жантебірентерлік жазба жариялады

Танымал журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялап, оқырмандарын жылатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Аналарымызды аялайық, бағалайық... Кейде жақын жандарға "Рақмет", "Мен сізді жақсы көремін" деген сөздерді айту қиынға соғады. Бүгін оқырмандарымның ойындағысын осы өлеңмен жеткізгім келді", - деген Дина Төлепберген ақын Алмас Темірбайдың "Рахмет саған, Ана" өлеңін оқыған видеосын жариялады. 

Өлеңнің мәтіні төмендегідей: 

...Рахмет, саған, мама,
Арсыз іске бармағаның үшін,
Аборт жасап, алмағаның үшін!
Біздерді ойлап, шырылдап,
Бар өміріңді арнағаның үшін!

Рахмет, саған, мама,
Болашақ менің баламның атынан,
Бұрынғы ата-бабамның атынан,
Жеті миллиард адамның атынан,
Он сегіз мың ғаламның атынан,

РАХМЕТ, САҒАН, МАМА!

Сонымен қатар, Дина Төлепберген видеоның астына: "Ал, достар... Осы мезетті пайдаланып асыл аналарымызға тамаша туындыны жіберіп қояйық. Перзентті өсіретін, асқақтататын ананың алғысы, разылығы... Ал сіздің ойыңыз қалай? Аналарыңызды белгілей кетіңіздер", - деп жазды. 

Жантебірентерлік видео оқырмандардың да жүрегіне жеткен болса керек "Жылатты ғой мына видео, жылатты", "Анамнын тірі кезінде осы сөздерді айта алмағаным-ай", "Дина ханым, сіз мықтысыз!Анаңызға күшті тілек айттыңыз,сондай жүрегімді тербеді. Сондай шынайысыз!" деген түрлі жылы пікір қалдырып жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!