Ақмола облысында полицейлер 12 жастағы қызды зорлады деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia NEWS.
Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне 13 тамызда кәмелет жасқа толмаған қызды зорлау дерегі туралы арыз түскен.
Сол күні күдікті ұсталған. Полиция оның жеке басын анықтады, ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.