Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев QARMET-тің жаңа инвесторы Андрей Лаврентьевті еңбек ұжымына таныстырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Талғат Темірханов "Qazaqstan Steel Group" акционерінің QARMET-тегі ресми өкілі болып тағайындалды.
Бүгін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жаңа қожайыны белгілі болды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін Қанат Шарлапаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев жаңа инвесторы екенін айтты. Андрей Лаврентьев 1979 жылы Алматы қаласында туған.
Ол – Allur Group компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы. Оның құрамында "Агромашхолдинг" және "СарыарқаАвтоПром" компаниялары кіреді. Allur Group – Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстандағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!