"АрселорМиттал Теміртаудың" барлық шахтасында жұмыс тоқтатылды

Қарағанды ​​облысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының барлық шахтасында жұмыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Костенко атындағы шахтадағы апатқа байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының барлық шахтасында жұмыс тоқтатылды. Сегіз шахтадағы жұмыстың тоқтатылғаны туралы ақпаратты компанияның баспасөз қызметі өкілдері растады.

"Барлық шахтада жұмыс бір күнге тоқтатылды", - деп хабарлады компания өкілдері. 

Еске салайық, Қарағанды ​​облысында Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 28-ге жетті. ТЖ министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов Қарағандыдағы Костенко шахтасындағы апат орнына басшылық ету үшін барды. 

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев  "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Бас Прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке қатысты соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. 

Енді "АрселорМитталТеміртау" Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді. 

"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.