"АрселорМиттал Теміртаудағы" апат: қаза тапқандар тізімі жарияланды

"АрселорМиттал Теміртаудағы" апат: қаза тапқандар тізімі жарияланды

"АрселорМиттал Теміртау" кенішіндегі апат кезінде қаза тапқан жұмысшылар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеніштегі апат кезінде қаза тапқандар тізімі: 

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 13 жыл. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі - 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі - екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина