- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің...
"АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің өлімі: үкім күшін жойды
Апелляциялық алқа "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгерін өлтіру ісі бойынша үкімнің күшін жойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"АрселорМиттал Теміртау" (қазіргі Qarmet) адвокатының өліміне және оның пәтерін өртеп жіберуге қатысты қылмыстық іс қайтадан тергеледі.
Іс бойынша бұрынғы үкімнің күші жойылды.
Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жою туралы қаулыны Қарағанды облыстық сотының сот алқасы шығарды. Облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығару кезінде процессуалдық заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Сотталушылар сотқа апелляциялық шағым түсірген.
Еске салайық, "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің мәйіті 2023 жылғы сәуірде марқұмның Шахтинскідегі пәтеріндегі өртті сөндіру кезінде табылған еді. Сараптама нәтижесі бойынша 53 жастағы әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Кейін марқұмның көршісі мен оның досы кісі өлтірді және өрт қойды деген күдікпен ұсталды. Алқабилердің қатысуымен сот ақпан айында басталды. Алқабилер сотының үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, 18 және 17 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан