- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "АрселорМиттал Теміртау" цехына...
"АрселорМиттал Теміртау" цехына қатысты тексеріс аяқталды
Мемлекеттік комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтап, "АрселорМиттал Теміртау" еншілес кәсіпорнындағы апат себебін атады. Апат салдарынан төрт жұмысшы қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сараптама ұйымдары күмбездің қирауына себеп болуы мүмкін ақауларды анықтады. Сондай-ақ, "Құрылысмет" тапсырыс берушісі мен "АрселорМиттал Теміртау" мердігері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені белгілі болды. Жұмыстарды өндіру жобасы мен пешті демонтаждау бойынша технологиялық карта сараптама комиссиясына ұсынылмаған. Арнайы тексеру қорытындысы бойынша комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсін анықтады", - деді Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Ирина Любарская.
Тергеу барысында 32 адамнан жауап алынған. 14 күдікті анықталған, оның ішінде басшылық құрамы да бар. Комиссия мүшелері тергеу қорытындысын құқық қорғау органдарына жібереді.
Айта кетейік, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" цехында төрт жұмысшы қаза тапқан болатын. Бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Ж. Қадыржанова