ҚМА (Qarmet құқықтық мирасқоры болып табылатын) "АрселорМитталТеміртау" АҚ мүлкін жымқыру дерегі бойынша "АлбаСтройДор" ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше, 2015 жылы "АрселорМиттал Темиртау" АҚ мен "АлбаСтройДор" ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.
Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.
"Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы - "Күзет" ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен. Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы "ГлобалСпецТорг" ЖШС және "ЦентрОптСнаб" ЖШС арқылы заңдастырған", - делінген хабарламада.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеден асатын 31 мың тоннадан аса өнім ұрланған.
Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!