"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы бір жұмысшы қаза болды

"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде тағы бір жұмысшы қаза болды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ кәсіпорыны территориясында тағы бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға №2 қаңылтыр тарту цехының химиялық блогындағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Ер адамды тоқ соққан. Оқиға орнына дәрігерлер келіп, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Алайда ол есін жимастан көз жұмған.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-тың мердігер ұйымы жұмысшысының қаза болу дерегі бойынша ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары қолға алынды", - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
 
 

Еске салайық, бұған дейін 2022 жылдың 8 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургия комбинатының кокс-химия өндірісінде 1982 жылғы газ маманы қаза тапқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова