"АрселорМиттал Теміртау" кенішінде жұмысшының денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылғы 6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Казахстанская" шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған", - делінген хабарламада.
Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 3 қарашада Қарағанды облысының Шахтинск қаласында "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде газ шықты. Салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Ақпаратты ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!