"АрселорМиттал Теміртау" жылу электр орталығының аумағында газ құбыры опырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 13 қаңтарда болғаны хабарланды.
"13 қаңтарда ЖЭО-2 аумағында газ құбырының ішінара опырылды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға ЖЭО-2 жұмысына әсер еткен жоқ. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.
Бір күн бұрын, 12 қаңтарда премьер-министр Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының вице-президенті Виджай Гойалмен және компания вице-президентінің кеңесшісі Биджу Наирмен кездесті. Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен АМТ арасында қол қойылған меморандум аясында қазақстандық тарап кәсіпорынның қаржылық, техникалық және экологиялық аудитін жүргізу үшін тәуелсіз халықаралық кеңесшілерді тартқанын айтты.
Еске салайық, 2022 жылғы 14 желтоқсанда Бас прокуратураның "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметін тексеріп жатқаны хабарланған болатын.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов та "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты шағымдар туралы айтқан болатын. Ол компаниядағы жағдайдың баяу модернизациялау және технологиялық жағдайының нашарлауы үлкен алаңдаушылық туғызып отырғанын мәлімдеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!