- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "АрселорМиттал Теміртау" басқарушысының...
"АрселорМиттал Теміртау" басқарушысының жалақысы күніне 1,01 миллион теңге болған
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басқарушысының жалақысы күніне 1,01 миллион теңге болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Finance.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Telegram-арна мәліметінше, компания басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуге 2021 жылы 375,9 миллион теңге жалақы берілген. Яғни ай сайын бұл сома 31,3 миллион теңге болса, күніне 1,01 миллион теңге болған.
2022 жылғы деректер жоқ.
"Компания деректі Қаржылық есептілік депозитарийіне 31 тамызға дейін жүктеуі керек болған. Палаватху Кришнан Наир Биджу 2020 жылы 344 миллион теңге, 2019 жылы оның алдында болған Парамжит Сингх Калон 328 миллион теңге алған", - делінген жазбада.
2022 жылғы деректерге сәйкес, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының таза табысы 215 миллиард теңге болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина