Премьер-министр Әлихан Смайылов "АрселорМиттал Теміртау" АҚ орнын басқысы келетін инвесторға қандай талап қойылатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет басшысы тек отандық инвесторлардың ұсынысы қарастырылатынын жеткізді.
"Жақын арада оны білесіздер. Негізгі талап – үш жылда кем дегенде салаға 3 млрд доллар инвестиция салуы керек. Сондай-өндірістік қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету, зауыттағы барлық жабдықты жаңғырту, өндірісті кеңейту, әлеуметтік жағдайды сақтау, жалақыны толық өтеу маңызды.
Жақын арада кем дегенде 3 млрд долларды құюы керек. Оның 1,3 млрд доллары бірден салынуы шарт. Бұл – өте маңызды талап", - деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар премьер-министр "АрселорМиттал Теміртауды" мемлекетке өткізу шарттары қарашаның соңында жарияланатынын айтты.
"22 қазанда алдын ала тиісті шартқа қол қойдық. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Қазақстанның меншігіне өткізу шарттарын келістік. Әзірше, мұны жария ете алмаймыз. Өйткені, заңды рәсімдерді толықтай аяқтауымыз қажет. Алдын ала жасалған келісім бойынша біз 30 қарашаға дейін, яғни бір айдың ішінде барлық рәсімді аяқтауымыз керек. Содан кейін бар ақпаратты жариялаймыз", - деді Үкімет басшысы.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!