Желіде "АрселорМиталл Теміртау" шетелдік инвесторға беріледі деген хабар тараған. Үкімет бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әлеуметтік желілерде "АрселорМиталл Теміртау" АҚ-ны басқа шетелдік инвесторларға беру туралы ақпарат таралып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.
Қазіргі уақытта кәсіпорынды Қазақстан Республикасының пайдасына қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Үкімет "АМТ" АҚ-ны әрі қарай басқа шетелдік инвесторларға беру мәселесін қарастырып жатқан жоқ", - делінген Үкімет хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін "АрселорМитталТеміртау" Қазақстан пайдасына берілуі мүмкін екені хабарланған болатын.
"Шахтадағы өрттің салдарынан топтық жазатайым жағдайдың себептеріне жан-жақты тергеу жүргізілетін болады. Сонымен қатар, келтірілген залалды бағалау, зардап шеккендерге және қаза тапқандардың отбасыларына алғашқы көмек көрсету жөнінде шаралар қабылданады.
Сондай-ақ, Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз