Жұмыстан тыс әріптестермен тұрақты кездесулер қызметкерлерге тиімді жұмыс істеуге және мансап сатысымен оңай көтерілуге көмектеседі деген пікір бар. Бұл сөздің қаншалықты рас екенін Жапонияның зерттеушілер тобы анықтады.
Ғалымдар 25 пен 59 жас аралығындағы жұмыс істейтін ерлерге сауалнама жүргізді. Сауалнама 45 сұрақтан тұрды, оның ішінде денсаулық жағдайы, ішімдік ішу, қаржылық жағдай, қалаған табыс және аптадағы жұмыс күнінің ұзақтығы туралы сұрақтар болған. Сонымен қатар, зерттеуге қатысушылардан алкогольге төзімділікті қарапайым алкогольдік тест арқылы өздігінен тексеруді сұрған.
Ғалымдар нені анықтады?
Зерттеуге Жапонияның үш аймағынан жалпы 3500-ге жуық ер адам қатысты. Респонденттердің жауаптарын талдау нәтижесінде әріптестермен ішімдік ішу мен қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсарту арасында ешқандай байланыс табылмады.
Сонымен қатар, зерттеушілер алкогольге төзімді ерлердің ішімдік іше алмайтын ерлерге қарағанда жиі ішетінін анықтады, бірақ олардың табысы мен жұмыс орнындағы көрсеткіштерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Мұндай жұмыс кездесулері қызметкерлердің жақындасуына шынымен көмектесетінін ескерген жөн, бірақ олардың қаржылық жетістігіне ешқандай қатысы жоқ.
"Алкогольді ішу іскерлік қарым-қатынас үшін маңызды деген кең таралған пікірге қарамастан, біз бұл идеяны растайтын ешқандай дәлел таппадық. Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулер алкогольді шамадан тыс тұтыну денсаулыққа ешқандай пайда әкелмейтінін көрсетті, сондықтан менің ойымша, бұл маңызды ақпарат. Адам ішу немесе ішпеу туралы шешімді өзі қабылдайды", - дейді зерттеудің жетекші авторы, профессор Даиджи Кавагучи.
Сондықтан, егер әріптестеріңіз сізден үнемі ішімдік ішуге шақырса және сіз олармен уақыт өткізгіңіз келмесе, мұндай ұсыныстан сенімді түрде бас тарта аласыз. Себебі бұл сіздің жұмыс өнімділігіңіз үшін тиімді емес.
Айтпақшы, алдағы уақытта ғалымдар әлдеқайда үлкен деректер жиынтығымен және басқа мамандармен бірлесіп тағы бірнеше ауқымды зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бұған дейін кардиолог жүрек талмасына ішімдік қалай әсер ететінін айтқан болатын.