Арнайы операция: Таиландтан есірткі тасымалдаған адам ұсталды

Фото: Видео кадры

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті ірі көлемдегі есірткіні заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы операция барысында Таиланд корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған адам әшкереленді.

"Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы, яғни кәмелетке толмаған жасөспірімді "дроп" ретінде пайдаланып, есірткі салынған сәлемдемені "Қазпошта" АҚ арқылы оның атына рәсімдеген. Тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі, яғни каннабис WAX тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Тергеу барысында күдікті Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы "жертөле" әдісімен есірткі таратқаны да анықталды. Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget