Арнайы операция: Шу ауданында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді

Арнайы операция: Шу ауданында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысында ірі көлемдегі есірткі арнасы әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жай

Облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жүргізген арнайы операция барысында Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық тасжолында Mitsubishi Pajero көлігі тоқтатылған.

Тексеріс кезінде 51 жастағы жолаушының жанынан 1,5 келі гашиш табылған. Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны тыйым салынған затты Шу ауданының 47 жастағы тұрғынынан 170 000 теңгеге сатып алғанын мойындаған.

Полиция пікірі

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталған, оның Шу ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны екені белгілі болды.

Полицейлер оның үйінің ауласын тінту кезінде Макс атты қызметтік иттің көмегімен жасыл түсті өсімдік қалдықтары салынған ыдыс пен елек тапты. Сонымен қатар, күдіктінің үйінің қарама-қарсы жағында орналасқан қараусыз қалған ғимаратты тексеру кезінде жалпы салмағы 26 келіден асатын гашиш пен 143 келіден аса кептірілген марихуана салынған полиэтилен қаптар тәркіленді.

"Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget