Арнайы операция: Қарағанды облысында 17 адам ұсталды

Арнайы операция: Қарағанды облысында 17 адам ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында дизель отынын ұрлау әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы операцияны Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірқатар органмен бірлесіп жүргізген.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде дизель ұрлығына қатысты 28 дерек анықталған. 17 күдікті қолға түскен.

"Тінту барысында шамамен 500 келі дизель отыны, жанармай тасымалдауға арналған бос канистрлер, 2017 жылы Ресей ІІМ-де жоғалған қару ретінде тіркелген атыс қаруы, 26 оқ-дәрі, 7 телефон және есірткі тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget