ІІМ өкілі Қазақстанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мәселесін шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кейінгі уақытта кейбір сұрақтар туындап отыр. Біріншіден, бұл Армениядан әкелінген көліктерге қатысты. Кейінгі екі-үш жылда елде көптеген армян көлігі тіркелді. Бұл көліктер бойынша заңдастыру барысында осы мәселелер қаралып, толық шешіледі. Ішкі істер министрлігі бұл көліктерді Арменияда есептен шығару бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр. Бұл мәселе шешіледі деп ойлаймыз.
Екіншіден, Қазақстанға қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көліктер қазір бүкіл республика бойынша қолданылып жүр. Осы көліктер бойынша да жұмыс істеп жатырмыз", - деді брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басшысының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілеріне ескерту жасағаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!