Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін елге Армениядан автомобиль алып келген қазақстандықтар қандай қиындыққа тап болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстандықтар армян көліктерін ел аумағына әкеле ала ма және Армения мен Қырғызстаннан келген автокөліктерге қатысты қандай шектеулер бар? Биыл сәуір айындағы шектеулерге қарамастан, Армениядан Қазақстанға автокөліктерді әкелген азаматтар не істейді?", - деген сұрақтар қойылды Қаржы министрлігінің халықпен есеп беру кездесуінде.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген көліктер үшін шешім бар екенін және Үкімет қаулысы қабылданғанын айтты.
"Олар уақытша есепке тұрып, сары нөмір алады және көлік салығын төлейді. Қаржы министрлігі бақылап отырады.
Ал 1 ақпаннан кейін әкелінген көлікке қатысты, әрине, олар заңнамада көзделген кедендік баж салығын, кәдеге жарату алымын және басқа да алымдарды толық төлеге міндетті болады. Сонымен қатар, салық міндеттемелері Арменияның мемлекеттік кіріс органдары тарапынан да туындауы мүмкін деген қауіп бар. Ел аумағында жүрген көлік иелері бізде салық төлеуі үшін Армениямен келіссөз жүргізіп жатырмыз", - деді қаржы министрі.