Әзербайжанның Қарулы күштерімен түнгі шайқас барысында Арменияның 49 әскери қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, - деп хабарлайды Sputnik Армения.
"Қазір Армения Қорғаныс министрлігі тарапынан қаза тапқан 49 әскери қызметші нақтыланды. Бірақ бұл түпкілікті сан емес және ақпарат нақтылауды қажет етеді", - деді Пашинян.
Оның айтуынша, қазір қақтығыс қарқыны төмендеген. Үкімет басшысы Бас штаб пен Қорғаныс министрлігі жағдайды және шығын санын бағалап, расталған ақпаратты ғана айтатындарын жеткізді.
"Қазір бір-екі бағыт бойынша Әзербайжан тарапының шабуылы жалғасып жатыр", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін армян-әзербайжан шекарасында атыс басталғаны хабарланған болатын. Екі елдің Қорғаныс министрлігі даулы ақпарат таратып жатыр. Сонымен қатар, Армения Қорғаныс министрлігі өкілі Әзербайжан Қарулы күштері артиллерия мен дрондарды қолданып, армян аумағына оқ жаудырғанын мәлімдеді. Өз кезегінде Әзербайжан тарапы бұл хабар абсурд екенін атаған еді.
Айта кетейік, TikTok-парақшамызда Әзербайжан мен Арменияға қатысты видео жарияланған еді.
@massaget.kz Соғыс бола ма? #Әзербайжан #Армения #Карабах #Азербайджан #Қарабақ #рек #massaget ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!