Армения Парламентінің спикері Ален Симонян "Азаматтық келісім" партиясының кезектен тыс съезінен кейінгі брифингте ел премьер-министрі Никол Пашинянның Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ, Симонян Арменияның ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығу мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Armenia Today басылымына сілтеме жасап.
Кездесуде газ бағасын көтеру немесе тауар айналымын шектеу сынды ықтимал экономикалық шектеулердің талқыланған-талқыланбағаны туралы сауалға жауап бере отырып, Парламент спикері мұндай әңгімелердің айтылып жүргеніне бірнеше жыл болғанын атап өтті. Сонымен қатар, Симонян нақты қадамдар жасалған жағдайда, Ереванның тиісті жауап қайтаратынын қадап айтты.
"Егер мұндай шешім қабылданса, Армения да өз шешімін қабылдап, ҰҚШҰ мен ЕАЭО құрамынан біржола шығады", - деді ол.
Парламент спикері екі ел басшылары арасында "өте жақсы әңгіме" болғанын алға тартып, мұндай сценарийдің жүзеге асу ықтималдығы төмен екенін айтты. Симонян Арменияның Ресейге қарсы ешқандай қадам жасамағанын және жасауға ниетті емес екенін, алайда тек өз мүддесін басшылыққа алатынын атап өтті.
"Біз Ресей Федерациясына қарсы ештеңе істеген жоқпыз және істеуге ниетіміз де жоқ, бірақ бұл ретте Арменияның мүддесін қорғадық және қорғап қаламыз", - деді Симонян.
Жыл басында Молдова билігінің ТМД құрамынан шығу процесін бастағаны хабарланған болатын. Жақында ел Парламенті бұл шешімді қолдады. Бұған дейін Молдова президенті Майя Санду Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz