- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Арманы орындалады". Ауылда...
"Арманы орындалады". Ауылда көкпар тартып жүрген Алтынай киноға түседі
Ауылда көкпар тартып жүрген Алтынай енді киноға түседі. Бұл туралы фотограф, режиссер Ернар Алмабек Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ернар Алмабектің айтуынша, Алтынайдың бала күнгі арманы актриса болу.
"Көреміз" бағдарламасына қатысқанымызды Stories-тен байқаған шығарсыздар. Бағдарламаға бізден бөлек Youtube-те балалар мен жасөспірімдерге арнап контент жасайтын "Мейрам" киностудиясының өкілдері де келіпті. Сол кісілер алдағы айда Жалаңашқа барып "Шабандоз қыз" деген фильм түсіретінін мәлімдеді. Басты рольге Алтынайды алатынын да айтты. Бұл өңірімізге қосымша жарнама, басқа да балалардың бағын ашатын мүмкіндік. Өте қуаныштымыз! О бастағы мақсатымыз ауылымызды дамыту, көркейту еді. Міне, алға ақырындап қадам басып келеміз. Әрине, әлі де көп жұмыс істеу керек. Енді Алтынай оқуына түссе, ең маңыздысы сол болмақ. Сәттілік тілеп қойыңыздар!" - деп жазды фотограф парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Неткен көркем едің, Алтынай!" Ауылда көкпар тартып жүрген қыз Қазнетті тәнті етті
Фотографтың оқырмандары бұл жағымды жаңалыққа қуанып, түрлі пікір қалдырған.
"Армандары орындалсын! Өнердегі аға-апаларының жолын берсін", "Жарайсыздар! Еліміздің дамуына үлкен үлес қосып отырсыз, Ернар аға! "Мың алғыс ", "Ернар сияқты қазағымыздың қара домалақ, сары домалақ балаларының бағын ашып, арманын орындайтын аға-әпкелеріміз көбейе берсін", "Алтынай қызға сәттілік! Армандары орындалып, үлкен тележобалардан, экрандардан көрейік", "Алтынайдың арманы Сіздің өнеріңіз арқылы орындалатын болды. Қандай керемет! Дарынды балаға жол аштыңыз. Алла разы болсын!" - деп жазған пікір қалдырғандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек