Армандар картасын қалай дұрыс жасау керек?

Армандар картасын қалай дұрыс жасау керек?
Фото: ru.freepik.com

Армандар картасы сізге күшті мотивация бола алады. Алайда қағазға суреттерді жай жабыстырып қою жеткіліксіз. Бұл процестің де өз ережелері бар. Астролог Ольга Маслова Styler жобасына армандар картасын қалай дұрыс жасау керегін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Армандар картасы деген не?

Армандар картасы – арнайы визуалды құрал, оны мақсаттарыңызға жетуге көмектесетін нұқсқаулық деуге болады. Бұл карта адамның энергиясымен қуатталған.

Өзіңіздің армандар картаңызды қалай жасайсыз?

Маманның айтуынша, алдымен тоқтап, дәл қазір сіз үшін не маңызды екенін ойланыңыз. Картаны өзіңізге ыңғайлы форматта жасаңыз. Ол блокнотта, А4 парақта немесе плакатта болуы мүмкін.

Бірінші ереже: таңдалған базаның ортасына өзіңіздің суретіңізді жабыстырасыз, ол өзіңізге қатты ұнайтын сурет болуы керек. Картаны әр сала үшін жеке-жеке жасауға болады:

  • Байлық;
  • Атақ;
  • Махаббат;
  • Отбасы;
  • Денсаулық;
  • Шығармашылық;
  • Білім;
  • Мансап;
  • Саяхат.

Картаға болашақта шынымен де орындай алатын мақсаттарды қосыңыз. Өз күшіңізді ескеру және өз-өзіңізбен адал болу маңызды.

Екінші ереже: картаға алдағы 3 күнде сатып ала алатын бір заттың суретін қойыңыз.

Үшінші ереже: бір жылға арналған жоспарды анық жазу керек. Әр айда не болғанын қалайсыз? Ол нәрселерді осы шақта жазамыз. Мысалы: "Мен Римде кофе ішіп отырмын", "Мен аттың үстінде кетіп барамын, өзімді керемет сезініп отырмын" және т.б.

Оқи отырыңыз: Мидың да жынысы болатынын білдіңіз бе? Өзіңіздікін тексеріп көріңіз!

А. Жапатова