Арман Қырықбаев мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Арман Қырықбаев туралы не белгілі?
Ол 1976 жылы Астанада дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша, ал 2002 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Сыртқы істер министрлігінің ТМД және Балтық жағалауы елдері басқармасында референт қызметінен бастаған.
1997-2000 жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінде атташе, III хатшы қызметтерін атқарды.
2002 жылы Сыртқы істер министрлігінде II хатшы болды.
2002-2005 жылдары "АВЕ Корпорациясы" ЖАҚ стратегия және мониторинг департаментінің директоры қызметін атқарды.
2005-2006 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, Алматының Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры болды.
2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық-саяси жұмыстар және қоғаммен байланыс департаментінің директоры қызметін атқарды.
2008-2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы болды.
2010-2012 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары мәдениет және ақпарат вице-министрі болды.
2014-2015 жылдары "Нұр Отан" партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды.
2015-2019 жылдары - Алматы әкімінің орынбасары.
2020-2022 жылдары Nur Otan партиясының хатшысы қызметін атқарды.
2022-2024 жылдары Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2024-2025 жылдары Президент әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі болды.
2025 жылғы 24 ақпанда Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова