- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арман Дүйсеновтің ұлының...
Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазақстандық танымал композитор марқұм Арман Дүйсеновтің ұлына қастандық жасалғаны туралы ақпарат жиі айтылып жатыр.
Әлеуметтік желіде халыққа танымал өнер қайраткерлері композитордың отбасына көңіл айтып жатыр. Әнші Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтіргені туралы жазған еді.
"Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Алматы қалалық полиция аталған жағдайға қатысты түсінік берді, оқиғаның себебі мен мән-жайы әлі нақтыланбады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева