Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында Атыраудағы театр қойылымында өнер көрсетуге неліктен келіскенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, театрда өнер көрсету студент кезіндегі арманы болған.
"Режиссер Гүлназ Қамысбаева хабарласып, қойылымға шақырғанда, көп ойланбай келістім. Оған екі себебім болды:
Бұл театр туралы алғаш ұстазымнан естігенмін. Мен колледжде оқып жүргенде марқұм Байтен Омаров осы өнер ордасы туралы көп айтатын. Сабақта Гурьев қаласындағы “Мұнайшылар” театрында сахналанған қойылымдарды талқылайтынбыз. Көру, роль сомдау арман болған.
Екінші себеп, "Махаббат, қызық мол жылдар" еді. Бұл әдеби тунды жарты ғасырда мыңдаған ғашықтарға күш беріп, талай сыншылардың қатал сөгісіне ұшыраған. Ғажабы сол әлі күнге кітап дүкендерінде сатылымы тоқтамай, оқырманы ортаймай келеді.
Екі күн премьера, 4 қойылымда бос орнын болған жоқ. Билеттер сатылымға шыққан күні екі сағатта жүз пайыз сатылып кетті. Атырау халқына мың алғыс. Жаудырып жатқан жылы лебіздеріңізден байқағаным, ой көрерменге жеткен екен", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Көзден жасты сорғалатты". Жұлдыз Әбдукәрімова балабақшадағы жайтқа қатысты пікір білдіргені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көктемде қандай дәрумендер ішу керек?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз