Арман Әбдірәсілов Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Арман Әбдірәсілов 1980 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы ҚазҰУ Математика және механика институты ҒЗИ инженері болып бастады.
2002 жылы мамырдан 2012 жылғы маусымға дейін ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық орталығының инженері болып еңбек етті.
2013-2020 жылдары - "Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы" ЗТБ компаниялар тобының директоры.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз