Әнші Алтынай Жорабаева желідегі жазбасымен оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол көпшілікті әркімнің жеке шекарасын құрметтеуге шақырды.
"Әркімнің өз шындығы бар… Бірақ ақиқатын Алла ғана біледі. Блогер болсын, имам болсын, психолог, коуч болсын, әнші болсын, шенеунік болсын, жабық киінгені болсын, ашық киінгені болсын, орамалдағы болсын, жалаңбасы болсын, ішімдік ішетіні болсын, тақуасы болсын, ешқайсы ешкімнің өміріне, жеке шаруасына, өмірлік ұстанымына айып тағуға құқығы жоқ! Сын айтуға, пікір білдіруге әр адам құқылы. Соның өзінде сын айтатындай қаншалықты мінсіз? Өз стандартыңызбен басқадан ештеңе талап етпеңіз! Әркім өміріндегі іс-әрекетіне өзі ғана жауап береді", - деді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!