- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әркім өзі үшін...
"Әркім өзі үшін жауап берсін". Ғаділбек Жаңай әріптестері туралы айтты
Танымал әнші Ғаділбек Жаңай Massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында жуырда түрмеде отырып шыққан әріптестеріне қатысты пікір білдірді.
Өнер иесі адамдарды әнші, кәсіпкер деп бөлмеуге шақырды. Оның сөзінше, заң алдында барлығы тең.
"Біз "мынау әнші, мынау кәсіпкер" деп бөлуді қою керекпіз. Менің ойымша, біз қазір "ел болып қайда бара жатырмыз? Қай бағытқа бара жатырмыз? Не көмек тигізе аламыз?" деген әңгіме айтуымыз керек. Қателеспейтін адам жоқ. Бәріміз қателесеміз. Сосын бөліп қарау дегенді қою керек. Бәрі адам. Тек бізге жетпей жатқан нәрсе - бірігу. Бір мақсатта болу. Ол өнер бола ма, кәсіп бола ма, әңгіме сонда. Ал біреудің іс-әрекетіне қарап, оларды әңгіме қылу деген маған қызық емес. Мен тілекші болуға тырысамын. Болды!" - деді ол.
Ғаділбек Жаңай сонымен қатар, қоғамда резонанс тудырған әріптесі Ұланғасыр Қамиевтің даулы сөзіне қатысты да пікір айтты.
"Әркім өз сөзіне өзі жауап берсін. Мен ешкімнің миына кіріп шыға алмаймын. Мен пікір айтсам, тек өзім жайлы айта аламын. Өйткені мен өзімді ғана білемін.
Мен шынымды айтсам, қазір тек жақсы дүние қараймын. Себебі, өзімнің ниетім сондай, өзім позитивті дүниені алмасам, оны басқаға бере алмаймын ғой. Мен тек теріс жаңалық іздеп жүретін болсам, халыққа не беремін?" - деп қорытындылады ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә