Әрқашан тек өзінің пікірін немесе әрекетін дұрыс деп санайтын адамдармен сөйлесу оңай емес. Әдетте, мұндай адаммен әңгімелесу шаршатып жібереді және ол жиі жанжалмен аяқталады. Ендеше, мұндай адамдармен қалай араласқан дұрыс?
Оның көзқарасын өзгертуге тырыспаңыз
Өзінікін әрқашан дұрыс деп санайтын адамның көзқарасын өзгертуге тырыспаңыз. Мұндай адамдар жағдайға объективті түрде қарай алмайды және өздерінікіне ұқсамайтын пікірді тыңдағысы келмейді.
Мұндай адамның сөзін жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Оның өз пікіріне құқығы бар, сондықтан оны құрметтеңіз, бірақ онымен келіспейтініңізді ашық айтыңыз. Оны тіпті, қызу пікірталастың өзінде кінәламаңыз, бұл жағдайды ушықтырып жібереді және оны адам төзгісіз етеді.
Келісіңіз, бірақ өз қалауыңызша жасаңыз
Кейде өзінікін дұрыс деп санайтын адамдар басқалар сұрамаса да, өз кеңесін береді. Ол берген кеңеске қатты әсер беріп немесе бірден ашуланып, оның айтуы дұрыс емес екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Кей жағдайда мұндай адамдармен келісіп, кеңесіне рақмет айтып, бірақ оны қажет емес санасаңыз, өз қалауыңызша әрекет еткеніңіз дұрыс.
Өз сезімдеріңіз жайлы айтыңыз
Мұндай адаммен қарым-қатынасыңызды сақтап қалу үшін оған оның әрқашан онікі дұрыс болу әдеті сізге ұнамайтынын айтып, ашық сөйлескен дұрыс. Себебі кейде мұндай адамдар өздерінің бұл әрекетін байқамайды. Олар басқалардың көзқарасын құрметтемейтінін және оны қабылдамайтынын білмеуі де мүмкін. Сіздің шынайы тілегіңіз оның өз әрекетін дұрыстауға және өзін бақылауда ұстауға көмектесіп қалар.
Әңгімені қысқа қайырыңыз
Өзінікін әрқашан дұрыс деп санайтын адамға қаншалықты көп дәлел келтіріп, ұзақ сөйлессеңіз, әңгімеңіздің жанжалға айналып кетуі қаупі соншалықты жоғары болады. Сондықтан мұндай адамдармен қысқа және бейтарап әңгіме жүргізген дұрыс. Алайда кейде мұндай адамдармен жанжалдасып қалудан қашып құтылу мүмкін емес, сондықтан жеңімпаз болып шығу үшін өз сөзіңізді дәлелдермен келтіріңіз. Келіспеу мүмкін емес болатындай факттер көрсетіңіз. Мысалы: ғылыми зерттеулер, статистика, әңгімелесуші адамыңыз авторитет санайтын адамдармен болған сұқбаттар және т.б.