- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арқалықтағы түрмеден алты...
Арқалықтағы түрмеден алты қылмыскер қашып кеткені рас па?
WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер туралы хабарлама таратып жатыр. Олардың айтуынша, қаруланған 6 тұтқын Арқалықтағы мекемеден қашып кеткен.
Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желілерде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Еске салайық, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек