Арқалық қаласындағы су айдынынан қыз өлі табылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл ақпаратты Қостанай облысы Полиция департаменті растады.
"Су айдынынан зорлық-зомбылық белгілері жоқ қыздың сүйегі табылуына байланысты соталды тергеу басталды. Қазір полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция азаматтарды тек ресми ақпарат көзіне сенуге және жалған мәлімет таратпауға шақырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова