Әлеуметтік желілерде Арқалықтағы мейрамханада өткен той кезінде қонақтар жаппай уланғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ng.kz-ке сілтеме жасап.
Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, мейрамханада туысының 60 жылдық мерейтойы өткен, кейін қонақтардың көпшілігі өзін жайсыз сезінген. Оның сөзінше, 150-ден аса адам улану белгілерін байқаған.
Жергілікті билік пен санитарлық қызметтерден ресми ақпарат әзірге түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!