Арқалықта полиция қызметкерлері көпірден өзенге құлап кеткен мектеп оқушысын құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
102-ге қыздың суға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына автопатрульдің екі экипажы жедел түрде жетті.
Полиция қызметкерлері Әміржан Тобылбаев пен Дүйсенбай Сәбитбеков құтқару құралдарын пайдаланып, бірден суға секірді. Қызды жағаға шығарғаннан кейін Руслан Капсаматов оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Полиция қызметкерлері қызды жедел медициналық жәрдемнің мамандарына тапсырды. Ол гипотермия диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Кейін 16 жастағы мектеп оқушысы абайсызда суға құлап кеткені анықталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!