- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Арқалықта мас жүргізуші...
Арқалықта мас жүргізуші аялдаманың тас талқанын шығарды
Фото:
polisia.kz
Арқалықта полиция қызметкерлері аялдамаға соғылған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 жастағы жүргізуші ВАЗ 2112 автокөлігін айдап келе жатып, қоғамдық көлік аялдамасына соғылған. Полиция қызметкерлері жүргізушіні куәландыру үшін медициналық мекемеге жеткізді. Ол мас болған.
Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Баптың санкциясы 20 тәулік мерзімге қамауға алуды және 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айыруды көздейді.
Полиция жол-көлік оқиғасы кезінде аялдамада адамдар болмағанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан