Қостанай облысы Арқалық қаласында жүргізуші жылу трассасына соғылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 30 наурыз сағат 14:49-да болған. ВАЗ автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Ш.Жәнібек көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай жылу трассасына соғылған.
Жол апаты салдарынан жүргізуші қайтыс болды.
Қазір аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!